12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда 2017 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй кешені қирағалы тұр

Алматыда тозығы жеткен баспаналарды ауыстыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бойынша бес жыл бұрын салынған тұрғын үй кешендерінің бірі қираудың аз-ақ алдында тұр. Бұл туралы көпқабатты үйдің тұрғындары айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Жандосов» тұрғын үй кешені 2017 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген. Құрылыстың барлық кемшілігі күзде алғашқы жаңбыр жауғаннан кейін анықталған. Жобаға сәйкес, мердігер төрт қабат гидрооқшаулау жүргізуі керек еді, бірақ бұл жасалмаған. Салдарынан тұрғын үй кешенінің жертөлелері суға толып тұрады.

«Жаңбыр жауған кезде жертөлелерде 10-20 сантиметрдей су болады. Содан кейін «Хаус Мастерс» компаниясының қызметкерлері оны сорып, шығарады. Дәл осындай мәселе көлік тұрағына да қатысты», — дейді Меншік иелерінің қауымдастығы төрағасы Марат Исин.

Тұрғындардың айтуынша, ылғал – күшті бұзушы фактор. Ғимараттың беріктігі мен қауіпсіздігіне, сондай-ақ тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіреді, өйткені саңырауқұлақтар мен көгерудің қаупі зор.

«Осы жолы лифт шахтасын су басып қалды, төрт күн бойы үлкен лифті пайдалана алмай отырмыз. Оны қоса алмайды, өйткені ток соғады», — дейді үй тұрғыны Любовь Вакулина.

Тұрғындар Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорнына жүгінген. Дәл солар жобаның тапсырысшысы болып, содан кейін тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдаған. Құрылыстағы кемшіліктерге көз жеткізген мемлекеттік орган құрылыс салушының үстінен сотқа шағым түсірген.

«Тапсырыс беруші ретінде бас мердігерге — «Пласт» және «Алматы Гипрогор» ЖШС бас жобалаушысына қарсы талаптар қойылды, содан кейін келісім-шартқа сәйкес шығындарға қатысты барлық міндеттемені өзімізге алу үшін сотқа жүгіндік. Бірақ сот шешімі бойынша, жеңілдік», — деді Алматы қаласы әкімдігінің КҚК бас инженері Бауыржан Төлеғұлов.

Президентіміз айтқанындай Пробация қызметін күшейту – қоғам қауіпсіздігінің кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа...

Пробациядағы қолдау – қоғамға қайтар жол

Қазақстанда пробация есебінде тұрған және жазасы кейінге қалдырылған адамдарға...

Мост к зеленому будущему

В столице Казахстана стартовала работа первого экохаба, который обещает...

Татуластыру рәсімдері

Қоғамдық өмірде адамдар арасында түрлі дау-жанжалдар, түсінбеушіліктер мен қайшылықтарды...