Алматыда электрсамокаттар үшін жылдамдыққа шектеу енгізілді

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада электрсамокаттарды пайдалану мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бостандық ауданының тұрғындары әкіммен кездесу кезінде жаяу жүргіншілер жолында самокатпен қатты жүретіндерге шағымданды.

«Қалада самокаттарға қатысты шешім қабылданды, азды-көпті тәртіпке келтіруге кірістік. Бірақ заңның қабылдануын күтіп отырмыз, заңға өзгерістер мен толықтырулар биыл күзде қабылданады. Қала деңгейінде мердігерлермен меморандумға қол қойдық, олар қазірдің өзінде саябақ аумақтарынан шықты. Қазір осы үш ірі операторға арнайы автотұрақтарды қарастырып  жатырмыз. Бұл самокат мінетіндерге шектеулер. Тәртіпбұзушылар – осы ережелерді сақтамайтын қаланың жас тұрғындары. Меморандум аясында тамыздың аяғына дейін тәртіп әлдеқайда жақсарады деп сенеміз. Бірақ заң керек. Заң шыққанша бұл мәселені қаламыздың ішкі шешімдерімен қарастырамыз», — деді Досаев.

Қалалық мобилділік басқармасы басшысы Ғани Мырзахановтың айтуынша, Алматыда ортақ серіктестіктердің электрсамокаттарына қазірдің өзінде шектеу қойылған.

«Жылдамдық бойынша — сағатына 25 шақырым. Бұл сомакат тебуді енді үйреніп жүргендерге. Ал самокат тебуді үйренбегендерге сағатына шамамен 20 шақырым болады», — деді Мырзаханов.

Алтын Ордадан қазіргі Қазақстанға дейін: тарих пен болашақтың үндестігі

Бүгін Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Алтын Орда –...

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің берік қалқаны

Қоғамның тұрақтылығы мен дамуы ең алдымен заң мен тәртіптің...

Сотрудники УИС области Абай встретились с будущими юристами

Сотрудники женской колонии Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері болашақ заңгерлермен кездесті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі әйелдер колониясының қызметкерлері бос...

В ВКО проведено единое родительское собрание по вопросам безопасности детей и профилактики правонарушений

В организациях образования Восточно-Казахстанской области в рамках реализации Концепции...