Қаңтар оқиғасы: мемлекеттен бөлінген қаржылай көмекке салық салынбайды

Кәсіпкерлерге қаңтар оқиғасы кезінде шеккен залалын өтеу мақсатында мемлекеттен алған ақшалай көмегі табыс салығынан босатылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 135-VII ҚР Заңымен Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар төтенше жағдай кезеңінде келтірілген мүліктік залалды өтеу кезінде салық салу тәртібін реттейді.

Ведомство мәліметінше, енді заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер – шағын және орта бизнес субъектілері төтенше жағдай кезінде келтірілген мүліктік залалды өтеу үшін ақша алған жағдайда жылдық жиынтық кірісті түзетуге құқылы. Егер әкімшілік құрған комиссияның шешімі болып, осы комиссияның тізіліміне кәсіпкер енсе, түзетуді қолдана алады.

«Салық кодексінің 241-бабы 1-тармағының жаңа 28)-тармақшасы шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсiнің төтенше жағдай кезеңiнде келтiрiлген мүлiктiк залалды өтеу үшiн алған ақша сомасын жылдық жиынтық табыстан алып тастауды көздейді. Бұл норма уақытша және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

Сондай-ақ, Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағының 17) тармақшасы төтенше жағдай кезеңінде келтірілген мүліктік залалды өтеу түріндегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, жеке табыс салығы салынатын кірістерден, бюджеттен төленетін төлемдерден алып тастауды көздейтін жаңа абзацпен толықтырылды. Түзету 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді«, — делінген хабарламада.

Жеке тұлғаларға төлемдер табыс ретінде танылады, бірақ оған жеке табыс салығы салынбайды. Сонымен қатар, салық агенті (жұмыс беруші) жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияда (200-нысан) төленген сомаларды көрсетуге міндетті.

«Бұдан басқа, Салық кодексінің 404-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына қосылған құн салығының сомасын түзетуді, сондай-ақ төтенше жағдай кезеңінде тауарлардың бүлінуі, жоғалуы кезінде де есепке жатқызуды (есепке алуды азайту) қолданбау бөлігінде толықтыру енгізілді. Бұл толықтыру 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінде төтенше жағдай нәтижесінде немесе төтенше жағдай кезінде зақымдану, салық тіркеліміндегі тауарлардың зақымдануы, жоғалуы фактісін растайтын құжаттардың болуы және мұндай залал туралы мәліметтердің көрсетілуін талап етеді», — делінген хабарламада.

Осылайша, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiсi төтенше жағдай кезiнде жергiлiктi атқарушы орган құратын комиссияның шешiмi бойынша тiзiлiмге енгiзiліп, келтiрiлген мүлiктiк залалды өтеу үшiн ақша алған жағдайда, мұндай кәсіпкер осындай тауарлар үшiн бұрын есептелген ҚҚС сомасына түзету енгiзедi.

Бұл ретте есепке жатқызуға жататын ҚҚС бойынша түзету сомасы тауарлардың бүліну, жоғалу жағдайлары орын алған салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияда көрсетіледі.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...