Есептегі азаматтар үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда қалалық пробация үйінде Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері пробация есебіндегі азаматтарға «Жаңа кітаптар әлемі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты сотталған азаматтарды кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапхана қорындағы жаңадан келіп түскен әдебиеттер туралы ақпараттар беру.
Көрмеде белгілі ресторатор, Rumi Group-тың негізін қалаушы, бүгінде Shonbay.Online деген онлайн білім беретін университет ашып, дәріс өткізіп, көп жасты қанаттандырып жүрген Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма» кітабы, Ник Вуйчичтың «Өмірде шектеу жоқ», Дейл Карнеги «Алаңсыз өмір сүру құпиялары», Кәмшат Бекжігітованың «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» тағы басқа да жаңа кітаптар қойылды. Кітапхана қызметкері кітаптар жайлы кең көлемде ақпараттар берді.

«Өзім кітап оқығанды жақсы көремін. Кітап оқу зейініңді ашып, өзіңді тануына жол ашады. Бүгінгі шарадан жаңа кітаптар туралы ақпарат білдім. Қазақтың ақын-жазушыларынан А.Құнанбаевтың, М.Әуезовтің, С. Мұқановтың , Д.Досжанның туындыларын сүйіп оқимын. Қазіргі уақытта Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқып бастадым. Көрмеге әкелінген кітаптарды да көріп шықтым, психолог Кәмшат Бекжігітованың «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» атты туындысында өзіңді бағалау, ойыңды өзгерту, кешіру, мақсатты айқындау, қарым-қатынасты жақсарту, сабырлы болу, денсаулықты сақтау сияқты тақырыптарға қатысты түрлі кеңестер айтылады. Осы жаңа кітаптарды кітапханадан алып оқитын боламын»,-деді есептегі азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...