Серуенге шығып, құрбысының ақшасын ұрлаған жас қыз ұсталды

Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, ол «Қошқар ата» тауына достарымен серуенге шыққан. Сол мезетте өзінің сөмкесінің ішінде тұрған 50 000 теңгесін белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
Хабар түскен бойда тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті жас қыз анықталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші жақын таныстар. Жас қыздар демалу үшін таулы аймаққа бірге барған. Оңай олжалы болуды ойлаған сезікті ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, ақшаны қолды еткен. Күдіктіден айғақты зат ретінде 36 000 теңге алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздерінің бағалы және ақшалай заттарына сақ болуды ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде...

РАЗДЕЛ СУДЕБНАЯ ВЛАСТЬ

К 5-летию административной юстиции ​Наступивший 2026 год для казахстанского правосудия...

ХИТУ колледжінде өткен «Колледж күні» кәсіби бағдар алаңына айналды

2026 жылдың 20 мамырында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжінде «Колледж...

Масаң күйде көлік тізгіндеу қоғамға қауіпті

Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – масаң күйде көлік...

Прием заявлений о преступлениях

Порядок приема заявлений об уголовных правонарушениях регламентирован Правилами приема...