12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СҚО-да жыл басынан 184 жол-көлік оқиғасы орын алды

Солтүстікқазақстандық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігінің айлығы аясында күшейтілген түрде қызмет атқаруда. Республикалық және жергілікті маңыздағы жолдарда патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері Жол жүрісі қағидаларының өрескел бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Өңірдегі кейбір жолдар елді мекендердің ішімен өтеді немесе маңында орналасқан. Дәл осы учаскелерде жол-көлік оқиғаларының қаупі артады.

Өткен бейсенбі күні сағат 13:15 кезінде «Челябі-Новосібір» автожолының 559-шы шақырымында Қызылжар ауданының Байсал ауылына апаратын бұрылыс маңында «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүргізушісі алдында келе жатқан көлікті басып озамын деп, қосымша жолға бұрылып жатқан «Mitsubishi Montero Sport» автокөлігімен соқтығысты. Соқтығысу нәтижесінде «Volkswagen Passat» жүргізушісі мен жолаушысы облыс орталығындағы медициналық мекемеге жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша материал жиналды.

«Жүргізушілер жолдардың қиылысатын учаскелерінде жол белгілері мен таңбаларының талаптарын қатаң сақтауы қажет. Сондай-ақ, жол шетінен қозғалысынын бастағалы тұрған көліктерге назар аудару қажет. Қозғалысты бастаған кезде арнайы ескертетін жарықтарыңызды қосуды ұмытпаңыздар. Бір бағытта кетіп бара жатқан көліктердің жүргізушілері уақтылы байқамай, тиісті шаралар қабылдап үлгере алмай қалуы мүмкін. Осылайша сіздер өзіңізді және жол қозғалысының басқа да қатысушыларын қауіптен сақтайсыздар», — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Александр Розбах.

СҚО-да жеті айда 184 жол-көлік оқиғасы орын алып, 24 адам қайтыс болды, 277 адам жарақаттар алды.

СҚО ПД баспасөз қызметі

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...