Сербия мен өз егемендігін жариялаған Косово шекарасында қақтығыс басталды — БАҚ

Өз егемендігін жариялаған Косово Республикасының солтүстік аймақтарында әуе шабуылының сиреналары қосылып, тұрғындар баррикадалар тұрғыза бастады, ал жергілікті полиция Сербияның орталық бөлігіндегі бақылау-өткізу пунктін жауып тастады. Бұл туралы «Вечерний новости» басылымы хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости мен RT арналарына сілтеме жасап.

The Jerusalem Post газеті Сербия мен Косово Республикасының шекарасында жергілікті қақтығыстар әлі де болып жатқанын, жергілікті тұрғындардың атыс дыбыстарын естігенін жазды.

Басылым Приштина-Лепосавич тасжолында және Звекан қаласының маңында баррикадалар салынып жатқанын айтты.

«Сағат 18:00-ден кейін Косовск-Митровицеде әуе дабылы іске қосылды. Косово шекара полициясының жаңа базасы алдында, «Ярине» әкімшілік пунктінің жанында автомат асынған қарулы жасақ тұрғызылды», — деді басылым.

Косово Республикасының полициясы Сербияның орталығына өтетін жол жабылғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, бақылау бекеттерін сербтер Косово аумағында серб құжаттарының жойылуына наразылық ретінде салған. Басқа шекара бекеттері әдеттегідей жұмыс істеп тұр, дейді полиция.

«18:15-тен кейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:15) Косовоның полиция қызметкерлері «Брняк» бақылау-өткізу бекетін жауып, осы арқылы облыс аумағынан көліктердің, жолаушылар мен жүктердің өтуіне тосқауыл қойды», — делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, облыстың солтүстігіндегі «Ярине» бақылау-өткізу бекетінің алдында көліктерді өткізбеуге арналған колонналар тұрғызылған.

БАҚ мәліметінше, қаланың оңтүстік бөлігінде солтүстік жаққа апаратын көпірдің жанында 200-ге жуық албандар жиналған. 

Jerusalem Post басылымы жергілікті тұрғындар атыс дыбысын естігенін, Сербия мен Косово шекарасында жергілікті қақтығыстар басталғанын, шіркеу қоңыраулары соғылғанын растады.

Жексенбі күні таңертең Сербия президенті Александр Вучич 1 тамызда Косово полициясы әскери операция бастайтынын және Белград берген жеке құжаттары бар азаматтардың кіруіне тосқауыл қоятынын айтқан. Сербия билігі Косово албан билігін бейбітшілікті сақтауға шақырып, сербтерге қарсы агрессивті әрекет жасаған жағдайда Сербия жеңетінін ескертті.

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін...

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ 2026 ЖЫЛҒЫ РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты адам құқықтарын қорғау,...

Әке болуды даулау: Қазақстан Республикасындағы құқықтық реттеу

Әке болуды даулау – отбасы құқығындағы маңызды әрі күрделі...

ГАЗИФИКАЦИЯ – В ДЕЙСТВИИ

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ РЕАЛИЗАЦИЯ МАСШТАБНОЙ ПРОГРАММЫ ПО РАЗВИТИЮ ГАЗОВОЙ...

СПЕЦИАЛИСТЫ ДЛЯ БОЛЬШОЙ ЭНЕРГЕТИКИ

ЗА ОДНИМ СТОЛОМ СОБРАЛИСЬ ПРЕДСТАВИТЕЛИ АГЕНТСТВА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПО АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ, ГОСУДАРСТВЕННОЙ КОРПОРАЦИИ «РОСАТОМ», ПРОФИЛЬНЫХ ОРГАНИЗАЦИЙ, УНИВЕРСИТЕТОВ И ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙ ДВУХ СТРАН. ГЛАВНОЙ ТЕМОЙ СТАЛА НЕ САМА АТОМНАЯ ЭНЕРГЕТИКА, А ЛЮДИ, КОТОРЫМ...