Қазақстанда қоғамдық тамақтану орындары қантпен қамтамасыз етіледі — Үкімет

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сауда және интеграция министрлігі, Нұр-Сұлтан әкімдігі және Қоғамдық тамақтану қауымдастығы өкілдері қатысқан бизнес субъектілерін қантпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша кездесу өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Талқылау қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау және қоғамдық тамақтану нысандарының индустриялық қант қажеттілігін толық қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.

Қоғамдық тамақтану нысандарына басымдық бере отырып қант жеткізуді ұйымдастыру үшін бүгін, 28 шілдеде, оларға қажетті қант көлемі анықталады. 

Бірінші кезеңде халық саны неғұрлым көп үш аймаққа мың тоннадан аса қант жеткізіледі.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі қанттың қосымша көлемін Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жөнелтеді. Осы қалалардағы шағын бизнес өкілдері қанттың қажетті көлемін ала алады. Сондай-ақ, Қауымдастық басқа қалалар бойынша тізім жасап, қажетті қант көлемін есептейді. Қауымдастық пен әкімдіктер қантты беру алгоритмін әзірлейді», — деді кеңес соңында ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда 60 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орны қант бағасының өсуіне байланысты банкротқа ұшырауға жақын екені белгілі болды.

Сапалы білім-елдің интеллектуалдық дамуының негізі

Қазіргі әлемде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарымен ғана емес,...

В учреждении №74 состоялись соревнования по национальной игре «Арқан тарту»

В рамках спортивных мероприятий среди осужденных, посвященных VI Всемирным...

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбие жұмыстары өткізілді

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Тіл – халықтың рухани болмысын, тарихи жадын және ұлттық...

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенттеріне арналған құқықтық сағат

Ақмола облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Ш....