12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Екі жақты келісім оң нәтиже береді деген сенімде

Түркістан қалалық пробация қызметі «Aibibi-Zere» Қоғамдық қайрымдылық қорымен өзара ынтымақтастық келісімге қол қойды.
Екі тарап жаза басып қателік жасағандардың қайта қылмыс жасамас үшін әртүрлі іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Түркістан қалалық пробация қызметі және «Aibibi-Zere» Қоғамдық қайрымдылық қоры арасында өзара ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, алдағы уақытта екі тарап пробация қызметінде тіркеуде тұрған сотталғандардың заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындалуын бақылау мақсатында іскерлік қатынасты нығайту бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты нығайту жөнінде осы келісім шартты түзді. Аталған келісім екі жаққа да тиімді болады деген сенімдемін. Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көртееміз. Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандарға, шартты түрде сотталғандарға және бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға бақылау жасауды жүзеге асырамыз. Сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесінің мекемсесінде жазасын өтеп жүрген сотталған адамды босатуға дайындауға қатысамыз. Сондай-ақ сотталғандарды қоғамға бейімдеу мақсатында әртүрлі көмек қолын созамыз, — деді «Aibibi-Zere» Қоғамдық қайрымдылық қорының төрағасы А.Толысбаева.
Бұл екі жақты келісімнің басты мақсаты, пробациялық топтағы азаматтардың заң мен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындалуларын бақылау арқылы әлеуметтік әдәлеттілікті қалпына келтіру және де сотталғандарды түзелу жолына түсіру болып табылады. Сонымен қатар, олардың қайта қылмыс жасаудың алдын алуғ, сотталған адамның жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауына көмектесу. Ал сотталғандардың әлеуметтік-құқықтық көмек алудың негізгі бағыттарының бірі, білім алу, өз кәсібін ашу, тұрақты ждұмысқа орналасу, емделу және өздеріне қажетті құқықтық кеңестер алуына мүмкіндік туғызады.
-Әрине, біздің ең басты мақсатымыз өмірде қателіке ұрынып пробация қызметінің бақылауына алынған адамдарды қоғамға бейімдеп, олардың қайта қылмыс жасамауына, өмірден өз орындарын табуына жол сілтеу болып табылады. Үкіметтік және үкіміттік емес мекемелер арасындағы келісімнің арқасында көптеген іс атқарылып келеді. Пробация қызметіне тіркеуге алынған әрбір сотталғанын жағдайымен танысамыз. Олардың отбасына қажетті көмекті көрсетуге тырысамыз, — деді Түркістан қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Ақмарал Торланова.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

ҚАЖД басшысы сотталған әйелдерді Жауғаштыға қабылдады

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі...

Глава ДУИС принял осужденных женщин в Жаугашты

Начальник Департамента уголовно-исполнительной системы по городу Алматы, Алматинской области...

Дүниежүзілік экономикалық форумында Қазақстан мұнайы туралы

Қазақстан Энергетика министрлігінің басшысы ДЭФ сессиясы аясында ірі энергетикалық...

ПОД КРЫШЕЙ ДОМА СВОЕГО

Ключи от новых квартир из рук акима Акмолинской области...

БЕЗОПАСНЫЙ ТРУД – ОСНОВА РАЗВИТИЯ

Вопросы развития промышленности и предпринимательства, укрепления инженерной инфраструктуры и...