12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Түркістандық полицейлермен жол белгілері жаңартылуда

Түркістан қаласы — облыс орталығы болғалы бері, киелі өңірде ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, соңғы үлгідегі бейнебақылау камералары қойылып, жол белгілері жаңалануда, тіпті кейбір көшелерге қажеттілігіне қарай жаңа таңбалар қойылуда. Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері, облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен және мүдделі органдармен бірлесіп, жол қауіпсіздігін жақсарту, жол инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде жол жүрісін реттеудің және бақылаудың зияткерлік жүйелерін енгізу бойынша бірқатар профилактикалық іс-шаралар іске асырылуда.

Жол-көлік оқиғаларын алдын алудың негізгі факторларының бірі — жол белгілері мен сызықтардың (разметка) тиісті Ережелер мен стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз ету болып табылады. Осы бағытта Түркістан ҚПБ Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізіліп, анықталған кемшіліктер зерделенді. Нәтижесінде ҚР 2014 жылғы «Жол жүрісі туралы» Заңының талаптарына сәйкес, Түркістан қаласы Ататүрік көшесіне 3,27 аялдауға тыйым салатын жол белгісін орнатып, жол таңбаларын сызу керектігі бойынша акт түзілді. Аталған кемшілікті жою мақсатында, Түркістан қаласының «жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» мекемесіне жазбаша түрде нұсқама беріліп, 1 тәулік ішінде жол белгісі сызылған. Яғни жолдың жүру бөлігіне жол таңбасын сызып, екі жақтама 4 дана жол белгілері орнатылды. Осылайша жол қозғалысына қауіп төндіретін кемшілік жойылды.

Бейбіт күнде жол бойында болатын апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, бұл бағыттағы жұмыстар үздіксіз іске асырыла бермек.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

КОДЕКС СУДЕЙСКОЙ ЭТИКИ

Судьи Республики Казахстан, основываясь на Конституции Республики Казахстан (далее...

Харассмент: за молчаливым барьером

Актуальность данной темы в современном обществе невозможно переоценить. За...

Полиция «Альфард» жүргізушілеріне түсіндірме жүргізді

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке...

Жастардың құқықтық санасын, рухын оятып, мәдениетін дамыту керек

Сыбайласқан жемқорлық атты дерттен арылу және жойу жолын жастардың...

«Арсыз, надан» деген сөздер ар-намысты қорлауға жата ма? Адвокат жауабы

Белгілі адвокат Жания Бодау "Арсыз, надан" сөздері ар-намысты қорлауға...