Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда жаңа мерекені енгізу туралы қаулы жобасын дайындады. Құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда мереке күндері тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні — 16 сәуір.

Түсіндірме жазбада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) саласының қызметкерлері ел тұрғындарын тәулік бойы жылу, электр, сумен қамтамасыз ететіні, көшелердің тазалығын қадағалап, елдің тұрғын үй қорын басқарып, күтіп-ұстайтыны, сол арқылы тұрғындарға жағдай жасайтыны атап өтілген.

Сондай-ақ, ведомсвто бұған дейін Кеңес Одағы кезінде ТКШ қызметкерлері күні дәстүрлі түрде шілденің төртінші жексенбісінде атап өтілгені айтылған. Одақ ыдырағаннан кейін бұл мереке Ресейде, Беларусьте, Украинада және Өзбекстанда сақталған.

Құжат жобасы 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұснылған.

Сот үкімінің әділдігі: теориялық және практикалық аспектілер

Сот үкімі – сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі актілерінің...

Алматыда «Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу» жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр

Басқосуда сала ғалымдары жобаның артықшылықтарын ғылыми түрде зерделегендерін алға...

Мемлекеттік тілде сот актілерін әзірлеу сапасы

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және құқықтық...