Тергеу изоляторында жарты жылдық жұмыс қорытындысы шығарылды

ЗК-169/1 тергеу изоляторында 2022 жылдың жарты жылында мекемедегі атқарылған жұмыстарды қортындылау мақсатында Қызылорда облысының ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі М.Нәкеновтың төрағалық етуімен жедел кеңес отырысы өтті.

Жедел кеңеске мекеме бастығы әділет майоры Илясов Қайырбек Есентайұлы мен бөлім бастықтары, жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлер қатысты.

Жиынды департамент бастығының орынбасары ашып беріп, күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібі бойынша мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары бойынша орынбасары, әділет капитаны А.Әмірбек алты айда атқарылған жұмыстардың қортындысы жайындағы дайындалған баяндамасын оқыды.

Баяндаманы тыңдаған әділет полковнигі М.Нәкенов мекеменің қауырт жұмысы барысындағы жіберілген кемшіліктеріне ерекше назар аударды.

Соның ішінде , Режим және күзет бөліміне, кезекші бөлімге,тәрбие бөліміне бірқатар сын-ескертпелер айтты. Айтылған кемшіліктер бойынша мекеменің кіре берісіндегі № 1 бақылап өткізу бекетіндегі тексеру- тінту жұмыстары қатаңдатылып, тексеруге қажетті техникалардың толық жұмыс жасауы және мекемеде соқыр аймақ болдырмау мақсатында әліде тиісті шаралар атқарылуы керек деген ұсынысын білдірді.

Сол сияқты күн тәртібінен түспейтін басты мәселе жеке құрам арасындағы тәрбиелілік жұмыс, әсіресе, жеке құрамның арнайы контигентпен қарым- қатынас орнатуда заң талаптарына сай болуы жағына аса көңіл бөлу керектігін баса айтты. Әділет полковнигі мекемеге келген жас қызметкерлерге өзінің де ,кезінде сегіз жыл тергеу изоляторында жұмыс жасап, барлық қиындықтардан өтіп, антына адалдық танытып,өз-өзіне қатаң талап қойып, жауапкершілікпен жұмыс атқарғандығы нәтижиесінде бүгінгі мақсатына жеткендігін мысалға келтірді.

Сондықтан әр қызметкерді ҚАЖ талаптарына лайықты жүріп- тұрып, ыйықтарындаңы жұлдыздың салмағын сезініп, заң аясында, жауапкершілікпен жұмыс атқаруға шақырды. Жиын соңында мекеме бастығы Қ.Илиясов жоғарыда көрсетілген сын-ескертпелерді жою бойынша және айтылған ұсыныстар мақсатында барлық іс шаралар қабылданатынына сенім білдірді.

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...

В учреждении минимальной безопасности ДУИС по области Абай для осуждённых организовали праздничные мероприятия

В учреждении минимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...