Түркістан ҚПБ-ға күндізгі сағат 10:30 шамасында жергілікті тұрғын әйел 102 сымтетігі арқылы хабарласқан. Оның айтуынша 10 жасар баласы үйден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Сондай-ақ анасының өз баласын іздеп жүргеніне 3 тәулік болған. Алайда еш нәтиже шықпаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген.
Түркістан ҚПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған баланы табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Қала көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде полицейлер тәулік ішінде баланы Түркістан қаласында досымен бірге жүрген жерінен тапты.
Белгілі болғандай, жоғалған бала отбасындағы жанжалға байланысты үйінен кетіп қалған. Қазіргі таңда жоғалып кеткен бала үйіне қайтарылды. Ұлымен аман есен қауышқан ана, баланы іздестіруде шапшаңдықпен әрекет еткен полиция қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді.
«Баламның із-түзсіз жоғалып кеткеніне 3 күн болды.Өзіміз іздеп, таппаған соң полицейлерге хабарластық. Ал полицейлер баламды дер кезінде тауып берді. Түркістан қаласының полиция қызметкерлеріне үлкен рақметімді айтамын»!
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі