Қазақстанда 9 мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды

Қазақстанда соңғы екі жылда тоғыз мыңға жуық азаматтығы жоқ адам анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Оларды анықтау жұмыстары халықаралық құжаттама науқаны аясында жүргізілді.

ҮЕҰ, Көші-қон қызметі және Әділет министрлігі өңірлердегі азаматтығы жоқ адамдарды анықтау үшін бірлесіп жұмыс істеді. Соңында 500-ден аса адам азаматтық алды, тағы 490-ы құжаттарын рәсімдеді.

Тиісті мекемелер еліміздің БҰҰ-ның азаматтығы жоқтар жөніндегі конвенцияларына қосылуы бойынша шетелдік әріптестермен келіссөздерді жалғастырып жатыр.

Еске салайық, мамырда «Урлютөбе» шекаралық бақылау бөлімінің өткізу пунктінде Қазақстан азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде үш төлқұжаты бар — қазақстандық, ресейлік және канадалық әйел ұсталған болатын.

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...

Қазақ тілінің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлі

Қазақ тілі – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мұрасы,...

Безопасная среда

В СТОЛИЦЕ ВЕДЕТСЯ ЦЕЛЕНАПРАВЛЕННАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ СИСТЕМ ВИДЕОНАБЛЮДЕНИЯ В УЧРЕЖДЕНИЯХ...

 Когда забота становится преследованием

СНАЧАЛА ЭТО ВЫГЛЯДИТ СОВЕРШЕННО БЕЗОБИДНО, ПОСКОЛЬКУ В НАЧАЛЕ ОТНОШЕНИЙ...