Ақмолада үш ауылдың атауы өзгереді

Өңірде Тіл саясатын жүзеге асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында Ақмола облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған идеологиялық ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау бойынша Жол картасы әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Сандықтау ауданына қарасты Красная поляна ауылы Бірлік, Арбузинка ауылы Ақкент, Петриковка ауылы Тұмар деп қайта аталады дейді ішкі саясат басқармасы.  

Бірлік ауылдық округінің әкімі Ансар Ибаев аталған Жол картасына сәйкес, округтің елді мекендерін қайта атау туралы бастама көтерген. 

Әкімнің айтуынша бүгінгі таңда Бірлік ауылдық округі тұрғындарының 98 пайызын шешендер құраса, 2 пайызы орыстардан тұрады. 

«Бірнеше ұрпақтың өмірі қазақ жерінде бастау алып, тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Қазақстанның жеріне, еліне деген сүйспеншілігімізді, алғысымызды, мейірімділігімізді сөзбен емес, іспен көрсеткіміз келеді» — дейді Ансар Ибаев. 

Ауылдарды қайта атау бойынша жақында өткен жиынға ауылдың құрметті ақсақалдары, тұрғындары мен округ жастарының өкілдері қатысып, ауылдарының атауын өзгертуді бірауыздан қолдаған. 

Жиналыста Петриковка және Арбузинка ауылының тұрғындары ауыл енді идеологияға сәйкес аталатынына және терең мағынаға ие болатынына өз алғыстарын білдірді.

«Туған ауылымызға ұлттық тұрғыдан үлкен мағына беретін, келешек ұрпақтың тәрбиесіне септігін тигізетін атауларды бергеніне ризамыз», — деп қуанышын білдірді ауыл тұрғын Жабраил Хучаев.

Айта кетейік, идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды қайта атау бойынша берілген ұсыныстар мен құжаттар Облыстық ономастика комиссиясының және облыстық мәслихаттың жиналысында қаралып, тиісті тіркеулерден өткеннен кейін ауылдардың атауы ресми түрде өзгеретін болады. 

Системный подход к повышению качества государственных услуг в Алматы

Интервью с руководителем Управления государственных услуг Жанбыршиевым Максатом Муртбековичем –...

Халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу кезіндегі жүйелі мәселелерін шешу туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жанбыршиев Мақсат Мұртбекұлымен сұхбат –...

Данияр Ашимбаев: Токаев позволяет себе на правах опытного дипломата

Высказывания Касым-Жомарта Токаева по российско-украинскому конфликту постоянно оказываются предметом...

Студентам Алматы небезразлично будущее Кок-Жайлау

По инициативе молодежи и студенческого сообщества Алматы состоялась серия...

Сотталғандар арасында киберспорттық іс-шара өткізілді

Абай облысы, Семей қаласындағы №21 мекемесінде сотталғандардың бос уақытын...