Электрондық бақылау құралынан бас тартқан ақтөбелік есепте тұрған сотталған бас бостандығынан айырылды

Ақтөбеде Пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азамат өзіне заңмен белгіленген электрондық бақылау құралдарын қолданудан бас тартқаны үшін бас бостандығынан айырылды.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, есепте тұрғанның электрондық бақылау құралдарын қолданудан бас тарту әрекеті заң талаптарын бұзу, бағынбаушылық болып табылады.

«Жұмыс берушісінен 1 млн 500 мың теңге ақша ұрлағаны» үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметіне есепке алынған 39 жастағы К., бақылауда екендігіне қарамастан бірнеше рет құқықбұзушылықтарға жол береді: пробация қызметкерлерімен кешкі тексеріс кезінде бірнеше рет үйінде болмайды, сонымен қатар өзіне заңмен белгіленген электрондық бақылау құралдарын қолданудан түбегейлі бас тартады.

Аталғандарға байланысты Сот қаулысымен есепте тұрған азаматтың бас бостандығын шектеу жазасы 8 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...