12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Дәрігерсіз  елге айналмасақ нетті…

Дәл қазіргі таңда елімізге төрт мыңнан астам дәрігер жетіспейді екен. Еуропа елдерінде коронавирус ие бермей, кезек кезек карантин жариялап, көрші Ресейде вируспен ауырған науқастар ауруханаға сыймай, дәлізде жатқанда, өз елімізде вирусқа шалдығушылар саны күніге жүз науқасқа артып бара жатқан тұста дәрігер мамандардың жетіспеушілігі алаңдатпай қоймайды. Өмір мен өлім арасында жатқан пенде жанына араша сұрап жанталасқанда ең бірінші іздейтін адамы дәрігер екені айтпаса да түсінікті. Дәрігерлер жетіспесе дайындалған ауруханадан, қойма толы дәрі-дәрмектен қайран бар ма?!

Жазда біздің елімізде де вирус кең тарап кеткен кезде, ауруханаларда дәрігер жетпей, қарапайым өкпені желдететін медициналық қондырғыны ауыстырып тұратын маман жетіспеген кезде еріктілерге күніміз түскені әлі есте.

Тіпті сансыраған Цойдың шілдеде ауылдық жерлерде науқасқа көмек көрсетуге мал дәрігерлерін көмекке тарту туралы да бастамасы қазір күлкімізді келтіргенмен, сол сәттерде аса күлкілі көрінбей, тіпті үрей шақырған болатын. Шындығында Цойдың мал дәрігерлеріне күніміз түсетінін меңзеуі бекер емес, республика халқының 46 пайызы ауылда тұрса да әлі күнге ауыл түгілі үлкен қалаларда дәрігер маманы жетіспейтіні рас. Тіпті жыл сайын мыңдаған дәрігер елімізді тастап, шекара асады екен. Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев мырзаның мәлімдеуінше 2017-2019 жылдар аралығында Қазақстаннан 3499 медицина қызметкері көшіп кеткен. Нақтырақ айтар болсақ, 2017 жылы 1062 дәрігер елден кетсе, 2018 жылы — 1225, ал 2019 жылы — 1212 маман елден көшкен. «Арқа жылы болса, арқар ауып несі бар», елімізде маман жетіспеушілігіне қарамастан ақ халаттыларымыз елді тастап көшуге бел буса демек, қоғамымыз дәрігерлердің Гиппократ антына адалдық танытып, еңбек етуіне жағдай жасап бере алмай отыр. Тағы да Қанат Төсекбаев мырзаның мәлімдеуінше «Қазіргі уақытта медицина кадрларының тапшылығы 4112 бірлікті құрайды. Ең үлкен тапшылық келесі мамандықтар бойынша байқалады: анестезиолог-реаниматологтар (393 бірлік); терапевттер (346,75 бірлік); ЖТД (319,5 бірлік); зертханалық дәрігерлер (226 бірлік); психиатрлар (213 бірлік); акушер-гинекологтар (203,5 бірлік); педиатрлар (202,75 бірлік); жұқпалы аурулар бойынша мамандар (121,5 бірлік); эпидемиологтар (102,5 бірлік); неонатологтар (85,25 бірлік). Республикадағы медбикелерге арналған тапшылық — 8583 бірлікті құрайды екен». Расында да тұрғылықты жерің бойынша тіркелген емханалардың қай қайсысына болмасын белгілі бір маман қабылдауына жазылар болсаң, кейбіріне кезекті бір апта енді біріне бір-екі ай күтесің. Мәселен жаңа туған баланы үш төрт айдан соң невропатолог маманға көрсетуге аналар міндетті. Бірақ тіркелген емханасында көп жағдайда бірнеше ай күту керек болғандықтан, немесе мүлдем невропатолог маман жоқ болғандықтан, амал жоқ аналар ақылы невропатолог қызметіне жүгінеді. Осылайша емхана бойынша невропатолог қызметі тегін көрсетілуі керек болса да, көп жағдайда маман жетіспеушілігінен соң халық ақылы емханаларға жүгінуге мәжбүр.

Онсыз да елімізде маман жетіспей жатқанда 3500-ге жуық дәрігер елді тастап көшсе, пандемия кезінде вирус жұғып қаншама тәжірибелі дәрігерлеріміз қаза болды. маман тапшылығы бас ауыруымызға айналмаса нетті…

Асылжан Мұратбекқызы Еламан

ЖАНАКОРГАНЦЫ ПРИНИМАЮТ АКТИВНОЕ УЧАСТИЕ В НЕДЕЛЕ «ЖАСЫЛ АЙМАҚ»

Жители Жанакорганского района приняли активное участие в неделе «Жасыл...

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚТАР «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Өңірімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан»...

«Құқықтық тәртіп» түсіндірме жұмыстар өткізілді

Ағымдағы жылдың 26-28 сәуір аралығында Түрксіб ст.ЖПб-нің қызметкерлері Түрксіб...

Пробация қызметі — сотталғандарды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу

Пробациялық бақылаудың мақсаты-заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау...

Жазаны өтеудің жеңілі – қоғамдық жұмыс

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар ҚР Қылмыстық кодексінің...