Мәдениет министрлігі шу болған ArtSport бағдарламасына түзетулер енгізуден бас тартты

Қоғамның араласуынан кейін vәдениет және спорт министрлігі ArtSport бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы ойын өзгертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

5 шілдеде партияның ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында ата-аналар, спорт секциялары өкілдері, сарапшылар мен мәжіліс депутаттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Артынша министрлік түзетулерден бас тартқан.

Министрлік ұсынған өзгерістер жаттықтырушылар біліктілігіне қойылатын жаңа талаптарды, секциялардағы бағаларды қайта қарауды, бағдарламада қамтылған спорт түрлері мен секцияларды екі есеге қысқартуды, секцияларға тартылатын балалардың ең төменгі жасын өзгертуді қамтиды. Оған қоса, бір балаға бір секция принципі бойынша жолдама беру қарастырылған. 

Түзетілген құжат Ашық үкімет порталында жарияланды және қазақстандықтардың 700-ден астам ескертулері мен ұсыныстар жинаған. 

Электрондық дәлелдемелерді сотта қолданудың маңызы зор

Цифрландыру процесі барлық салада, оның ішінде сот құрылымында да...

Сталкинг үшін жауаптылық қарастырылған

Мемлекеттің ең басты байлығы – адам. Ешкімнің біреудің жеке...

Азаматтардың құқықтарын қорғау – басты міндет

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау – құқықтық мемлекеттің негізгі...

СОТ ОТЫРЫСЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Сот жүйесінде сот төрелігінің сапалы әрі заң талаптарына сай...