Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды

Бейбіт Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Бейбіт Салымұлы Есенбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бейбіт Есенбаев 1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік ұйымда инженер-бағдарламашы болып бастаған.

2009-2011 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Инвестициялық жобаларды мониторингтеу және дамыту басқармасының сарапшысы.

20011-2013 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы, басшысы.

2013-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында бөлімшелерді басқарған.

2017-2020 жылдары — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің директоры.

2020 жылғы қыркүйектен бастап — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...