Қызылорда облысында 15 адам Конго-Қырым безгегін жұқтырған

Қызылорда облысында Конго-Қырым безгегін жұқтырғандар саны 15-ке жетті. 8 адамда безгек зертханалық жолмен анықталған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық коммуникациялар қызметінде мамандар аймақ тұрғындарын үй жануарлармен жұмыс істегенде абай болуға және зиянкестерден қорғануға шақырды. 

«Конго-Қырым геморрагиялық безгегін жұқтырғандардың көбі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Олардың 70% клиникалық белгілердің бар екеніне қарамастан, дер кезінде медициналық көмекке жүгінбеген. Қазір тұрғындар ем қабылдап жатыр», – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова. 

Оның айтуынша, облыста Конго-Қырым безгегін тарататын кененің 16 түрі бар. Нәтижесінде жыл сайын ауру тасымалдаушы кенелердің саны көбейген. Республика бойынша кене шағу көрсеткіші орташа 4,2 болса, облыста бұл көрсеткіштен асып кеткен. 

Әлия Әбдіқайымова Конго-Қырым безгегінің мамыр және маусым айларында қауіпті екенін мәлімдеді. 

Облыстық инфекциялық аурухананың бас дәрігері Айна Мұхамбетованың сөзінше, ауруханаға түскен науқастардың барлығы ауруды соңғы аптада жұқтырғандар. 

«Ауруханаға түскен күннен бастап арнайы препараттар беріледі, күшейтілген 3 реттік зертханалық сараптама жүреді. Конго-Қырым безгегінің негізгі белгілері бас айналу, жүрек айну, безгек және іш өту. Бұлардан бөлек тіс пен мұрын қанауы мүмкін. Егер осы белгілер байқалса, бірден медициналық сараптамадан өту керек. Себебі ауру асқынып кетуі мүмкін», – деді Айна Мұхамбетова. 

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...

ОН ИСКРЕННЕ СЛУЖИЛ ПРАВУ

16 марта 2026 года ушел из жизни наш уважаемый...

Тіл – ұлттың жаны мен діңгегі

Ана тілі – мемлекеттің табан тірейтін тұғырлы темірқазығы. Тіл...

Сот актілерін орындаудың құқықтық негіздері

Сот актілерін орындау – құқықтық мемлекеттің маңызды элементтерінің бірі....