12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шілдеде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде циклондық белсенділік және атмосфералық фронттар әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер болады: Қазақстанның батыс облыстарында айдың басында, республиканың қалған бөлігінде шілденің бірінші онкүндігінің ортасында.

«Күн күркіреп, жаңбыр, бұршақ жауады, жел екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Осы кезеңде Солтүстік теңіздер аймағынан суық ауа массалары ығысып, республиканың солтүстік жартысында түнде температура фоны +5+13 градус, күндіз ауа температурасы +18+28 градустан +12+17 градусқа дейін төмендейді, республиканың оңтүстік жартысында түнде +20+25 градустан +12+20 градусқа дейін, күндіз +30+38 градустан +23+30 грудасқа дейін аптап болады», — делінген хабарламада.

Шілденің бірінші онкүндігінің аяғы мен екінші онкүндігінің басында күн ысиды. Ауа температурасы күндіз көтеріледі:

  • республиканың оңтүстік-батыс жартысында +30+40 градусқа дейін,
  • солтүстікте, орталықта және шығыста +25+33 градусқа дейін.

Айдың ортасында Ресейдің еуропалық аумағы аймақтарынан келетін суық ауа массалары ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. Республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік және батыс облыстарында құмды дауыл тұрып, жел күшейеді.

«Айдың екінші жартысында ауа температурасы тұрақсыз болады деп күтіледі: республиканың оңтүстік жартысында түнде +15+20 градустан +18+25 градусқа дейін, күндіз +25+30 градустан +35+42 градусқа дейін, солтүстік жартысында түнде +10+15 градустан +15+20 градусқа дейін, күндіз +20+28 градустан +28+35 градусқа дейін», — делінген хабарламада.

61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2026 жылы өтетін...

Олжас Бектенов обсудил с экспертами вопросы развития экономики 

📍 Премьер-министр РК Олжас Бектенов провел встречу с экспертами экономического...

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады 

📍 Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

Мемлекеттік тілге құрмет — елге құрмет

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда...