12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қаңтардағы тәртіпсіздік: Қазақстанда 445 адам сотталды

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша 445 азамат сотталды. Бұл туралы бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қилымжанов қаңтардағы тәртіпсіздіктер бойынша айыпталған азаматтар процестік келісімді белсенді түрде қолданып жатқанын түсіндірді. Олар кінәсін мойындайды, өкінеді және олардың жазасының мөлшері осы баптың санкциясының ең жоғары мерзімінің жартысынан аспайды.

«Жалпы қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 392 қылмыстық іс жолданып, 445 адам сотталды. Билік өкілдеріне күш көрсету, мүлікті жоюмен байланысты ауыр қылмыстарды жасаған 46 сотталушыға нақты мерзімдері бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деді Қилымжанов.

Қилымжановтың айтуынша, 514 күдікті қамауда отыр.

«Бұл адамдар қарақшылық шабуылдарға, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруын ұрлауға, мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасауға белсене қатысқан. Әрбір қамауға алынған адамға олардың қылмысқа қатыстылығы туралы жеткілікті ақпарат бар», — деді ол.

Жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да сипаттайтын материалдарды ескере отырып, 284 тұлға кепілмен үйқамаққа алынған.

Алматыда «Jas Camp 2024» жастар лагері өтті

Ағымдағы жылдың  8-12 қыркүйек аралығында  қала күні қарсаңында қаламыздың...

Геннадий Головкин World Boxing жаңа Олимпиадалық комиссиясының Төрағасы болып сайланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс...

Неке бұзу туралы дауларды қарау ерекшеліктері

2023 жылғы 27 наурыздағы № 216-VII ҚРЗ «Қазақстан Республикасының...

Как проходил отбор в РКР

Впервые, во всех регионах страны проведен отбор в кадровый...