Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Ұлытау облысы әкімінің өкімі бойынша, Президент Әкімшілігі және Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттарының келісімімен Жезқазған қаласының әкімі қызметіне Қайрат Шайжанов тағайындалды», — делінген хабарламада.

Қайрат Шайжанов 1977 жылы 22 Шілдеде Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы бастаған. Әр жылдары бизнес саласында, түрлі мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген.

2009 жылдан 2013 жылға дейін Сәтпаев әкімінің орынбасары болған.

2015 жылдан 2018 жылға дейін Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі қызметін атқарған.

СОТ БИЛІГІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ РӨЛІ

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін айқындайтын, адам...

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Жемқорлық – қоғамның тұрақты дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттік басқарудың...

ӘРПК-нің ерекшеліктері

Қазіргі таңда мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынаста заңдылық пен...

ПРИЗНАНИЕ ГРАЖДАНИНА НЕДЕЕСПОСОБНЫМ

Психическое здоровье близкого человека – это тема, которую в...