12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Елордалық ҚАЖ Департаментінде Қазақстан полициясы күніне  орай мерекелік іс-шара өтті!

Қазақстан полициясына 30 жыл толуына байланысты, 24.06.2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ Департаментінде мерекелік іс-шара өтті. Аталған мерекелік салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұраны орындалумен және қызмет барысында қаза тапқан батырларымызды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жариялаумен басталды.

Мерекелік іс-шараны Департамент бастығы әділет полковнигі Даулет Борамбекұлы Рақымбеков құтықтау сөзбен бастап жеке құрам назарына және іс-шараға келген қонақтармен ардагерлерге ҚР президенті Қ.Ж. Тоқаетың  құтықтау сөздерімен Қазақстан полициясына үлкен сенім артатыны жайында жеткізді. Одан әрі Департамент бастығы Даулет Боранбекұлы өз құтықтау сөздерін жалғастырды «Құрметті ардагерлер, қонақтар мен әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке ішкі істер органдары қызметкерлерінің құрметі мен кәсіпқойлығына, құқық тәртібін қорғаушылардың көптеген ұрпақтары негізін қалаған Отанға және халыққа қызмет етудің үздік дәстүрлеріне құрмет. Ардагерлерімізге жас қызметкерлерді тәрбиелеуге қосқан қомақты үлесі үшін ерекше алғысымызды білдіреміз» деген сөздермен өз құтықтау сөзін аяқтап, ардагерлермен, қызметтте өздерін жақсы жағынан көрсеткен қызметкерлерді марапаттады.

Мереке барысында үздік қызметкерлер ҚР ішкі істер министірінің құқығымен «Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальмен, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төс белгісімен, құрмет  грамотасымен және алғыс хатымен, ҚАЖ Комитетінің төрағасының құқығымен алғысхатпен марапатталды және де Нұр-Сұлтан қаласы әкімі құқығымен, департамент бастығы әділет полковнигі Д.Б. Рақымбековтын құқығымен бір қатар ардагерлермен, департамент қызметкерлері марапатталды «Қазақстан полициясының 30 жылдығы» медальмен және.   

Сонымен қоса, Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай белсенді түрде бірлесіп қызмет атқарғаны үшін департамент бөлімшелерінің қызметкерлері, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М.Тулебаевтың, ҚР Ішкі істер министірінің орынбасары Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Е.С.Ботақановтың құқығымен марапатталды. 

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тауып аталған концерттік бағдарламада эстрадалық әндер шырқалып, мың бұралған бишілердің орындауында «қазақ биі» «павлин» биі  қонақтар назарына ұсынылды.

Сонымен қоса Департамент қызметкерлерінің құрамынан құрылған хордын орындауында «Сарбаздар», «Бозторғайым» патриоттық әндері шырқалды.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...