Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі арнайы Заңмен реттеледі

Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі 25.05.2020 жылы қабылданған арнайы Заңмен реттеледі. Онда жиналыстар, митингілер мен пикеттер үшін хабарлама жасау тәртібі көзделген.

Ұйымдастырушы оларды өткізу күніне дейін 5 жұмыс күн бұрын әкімдікке хабарлама (қолма қол немесе ЭЦҚ арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында) беруі тиіс, ол 3 жұмыс күні ішінде қаралады (Заңның 10 және 11-баптары).

Осы мерзім өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда сіз бейбіт жиналыс өткізе аласыз (Заңның 11-бабы 1-тармағы).

Бірақ жиналыстар мен митингілер нысанындағы жария акциялар мәслихат айқындаған мамандандырылған орындарда ғана өткізілуі мүмкін (бекітілген мамандандырылған орындардың мекен-жайда). 

Осыған байланысты, жергілікті әкімдікпен келісілмей (тиісті хабарлама/өтініш берілмей) өткізілетін акция заңсыз болып табылады.

Сондықтан белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша жазалау шарасымен 15 тәулікке қамауға дейін және қайталағаны үшін 25 тәулікке дейін жауапкершілік көзделген.

Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, 50 тәулікке дейін қамауқа алу түріндегі жазаны көздейді (Қылмыстық кодекстің 400-бабы).

Сонымен қатар, «Ішкі істер органдары туралы» Заңның 6-бабына сәйкес полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылықтардың, жаппай тәртіпсіздіктердің, топтасып бағынбаудың жолын кесуге, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға міндетті.

Егер сіз Заңда көрсетілген талаптарды орындамасаңыз, онда ішкі істер органдарының қызметкерлері заңмен жүктелген құзырет шеңберінде оны мәжбүрлеп тоқтату, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдауға мәжбүр болады.

Осыған орай, Жетісу көлік прокуратурасы заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

      Жетісу көлік прокуратурасы

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...