Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Тwitter-парақшасында жазды. 

«Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады», — деп жазды Тоқаев.

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы құрылады

Бұл орталық бауырлас елдердің бірлесіп ғылыми зерттеу жүргізуіне, мәдени жобаларды және білім беру бағдарламаларын іске асыруына жағдай жасайды.

Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді

Бүгін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары жаңа орталықтың қазығын қағып, іргетасын қалады.

Бүгін – халықаралық отбасы күні

15 мамыр – 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешіммен Халықаралық отбасы күні ретінде бекітілді. Алғаш рет 1994 жылы аталып өте бастады.

Қазақстанда 66 мың адам банкрот деп танылды

Қазақстанда ресми банкрот деп танылған азаматтардың 250 млрд теңге қарызы есептен шығарылады.