12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізді

Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов жеке құрамды келе жатқан мерекемен құттықтап, 80-ге жуық қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлерін жеке марапаттады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан Қазақстан азаматтарының қалқаны мен қылышы болған. Күн сайын ішкі істер органдарының қызметкерлері қорғауға мұқтаж адамдарға, көбінесе өз өмірлерінің құнмен көмекке келуге дайын. Бұл күні біз жауынгерлік бекетте қаза тапқан жолдастар мен бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиған жандарды еске аламыз. Осы салтанатты күні біз қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлеріне де құрмет көрсетеміз. Олардың көпшілігі бүгінде сапта, бай тәжірибесімен бөлісуге, дана кеңес беруге дайын. Қазақстан полициясының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтай отыра, Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, кәсіби және азаматтық борыштарыңызды орындауда Ар — намыс пен сәттілік тілеймін, — СҚО бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Рустан Ахметжанов.

Осы атаулы күні салтанатты жағдайда СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің жеке құрамы «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен, «Қазақстан Полициясына – 30 жыл» төсбелгілерімен, ішкі істер министрінің, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының, СҚО әкімінің, СҚО бойынша ҚАЖД бастығының құқықтарымен грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шараның салтанатты бөлімі аяқталғаннан кейін қызметкерлер мен қонақтар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Nº15 мекемесінде Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен екі ангар өндірістік цехтары салынуда

Казакстан Республикасының Президентінің тапсырмасын жэне Казакстан Республикасы Ішкі істер министрлігі алқасының...

Следственный изолятор г.Кокшетау посетила министр здравоохранения РК

Министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова, в рамках рабочей...

В учреждении №21 состоялся литературный вечер, посвященный 180-летию Абая

В Абайской области состоялся практический литературный вечер «Абай тағылымы»,...

Абай облысында жас қызметкерлерді Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыру күні өтті

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығын мерекелеу құрметіне Абай облысының әйелдер...