Алматы облысы бойынша ҚАЖД қаза тапқан қызметкердің құрметіне волейболдан турнир өткізді

Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқан әділет прапорщигі Ербол Ержановты еске алу үшін Алматы облысы бойынша ҚАЖД волейболдан турнир өткізді,  деп хабарлайды Департамент баспасөз қызметі.

Қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қаза тапқан ЛА-155/16 мекемесінің қызметкері Ербол Ержановты еске алуға, сондай-ақ Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу күніне орай Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаменті «Динамо» ҚР Дене шынықтыру-спорт қоғамы қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының қолдауымен волейболдан турнир өткізді.

Салтанатты шара бір минут үнсіздікпен басталды. Турнирге ведомстволық бағынысты мекемелер, сондай-ақ департамент,  пробация қызметі және ҚАЖ ардагерлерінің командалары қатысты.

«Батырдың есімі біздің жадымызда мәңгі қалады. Мұндай іс — шаралар көбінесе батырларды еске алуға арналады, сонымен қатар салауатты өмір салтын ынталандыру және ҚАЖ қызметкерлері арасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың жақсы үлгісі болып табылады», — деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Турнирде бірінші орынды ЛА-155/16 тергеу изоляторы, екінші орынды ЛА-155/8 қауіпсіздігі жоғары мекемесі және үшінші орынды Департамент командасы иеленді.

Жеңімпаздарға грамоталар, медальдар және сыйлықтар табыс етілді.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...