Үздік психологиялық қабырға газеті

Алматы облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЛА-155/4 әйелдер колониясында мекеме психологтарының іс-шаралар өткізу жоспарына сәйкес, жазасын өтеп жатқан әйелдер арасында «Үздік психологиялық қабырға газеті» тақырыбында сайыс өткізілді.

Әр жасақ «Амазонка әйелдері», «Мантра» , «Әйелдегі мұхит» , «Басқатырғыш» , «Сенің арманыңдағы аспан-трансформациялық аффирмация» сияқты әртүрлі психологиялық тақырыптарда қабырға газеттерін дайындады.

Сотталған әйелдер қабырға газеттері тақырыбында тренинг жургізумен қатар, өз жұмыстарын таныстырды. Сайыскерлердің жұмысын «Жеті ағаш» ҚҚ-ның психологы мен өкілдері жоғары бағалап, іс-шара соныңда сайыс қорытындысы шығарылып, берілген баға жасақтардың жылдық ұпайлар жинағына енгізілді.

Жазасын өтеп жатқан әйелдер мұндай шараларға бар ынта-жігерлерімен, қызығушылықпен қатысады. Өйткені психологиялық сабақтар қоғамнан оқшауланған жандардың күнделікті өміріне жақсы әсерін тигізіп қана қоймай, болашағына деген дұрыс көзқарас қалыптастыруға негіз болады.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...