Жауғашты әйелдер колониясында Ашық есік күні өтті

Алматы облысы Жауғашты кентіндегі ЛА-155/4 мекемесінде сотталған әйелдердің жақындары мен туыстары үшін «Ашық есік күні» өткізілді, деп хабарлайды Алматы облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Алматы облысы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЛА-155/4 әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан әйелдердің туыстары мен жақындары үшін «Ашық есік күні» өткізілді.

«ҚР Президентінің 2022 жылды балалар жылы деп жариялауына байланысты іс-шараның негізгі мақсаты балалардың аналармен кездесуін ұйымдастыру болып табылады. Өйткені, өскелең ұрпақтың үйлесімді және бақытты балалық шағы-біздің ортақ міндетіміз», — деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.

Іс-шара сотталғандар дайындаған мерекелік концерттен басталды, сондай-ақ әйелдердің шығармашылық жұмыстарының көрмесі дайындалды.

Бұдан әрі, сотталғандардың туыстары мен жақындарына мекемедегі тұрмыстық жағдайлар көрсетілді: жатын бөлмелер, жуынатын бөлмелер, асхана, кітапхана және жұмыс орындары.

«Бұрын мен қызымның жазасын өтеп жатқан жерін елестете алмадым. Бүгін бұл қорқыныш сейіліп, бір ғана тілек қалды — ол тез арада өз үйіне оралуы», — деп бөлісті сотталушының анасы.

Мұндай іс-шараларды өткізу сотталғандар арасындағы моральдық-психологиялық ахуалға оң әсер етеді және туыстық байланыстарды қолдауға ықпал етеді.

Алматы облысы бойынша ҚАЖД

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...