12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды

«Қарасора-2022» жедел- профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр департаменті мен Шиелі АПб-нің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іс-шара барысында 34 жастағы қала тұрғыны Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты далалық жерде қалың сексеуілдер арасында 1665 (бір мың алты жүз алпыс бес) түп сора өсімдігін еккені үшін құрықталып, ұсталды.

Одан бөлек оқиға басынан ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізу барысында одан кептірілген марихуана есірткі заты алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы 8 кг. 59 гр. сора өсімдігі мен 657,14 гр. кептірілген марихуана болып шықты.
Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 300 — бабының 2 — бөлігімен (ірі мөлшерде құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...