Үкімет 1 млн қазақстандықтың табысын көтеруге күш салмақ

Қазақстанда жұмысшыларды басқа орындарға ауыстыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік бар. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты деп хабарлайды Stan.kz Ақпарат агенттігі.

«Экономиканы өнімділігі жоғары секторларға бағыттап баптау тетіктері стратегиялық жоспарлау құжаттарында көрініс тапқан. Өйткені экономиканың сапалы дамуы еңбек өнімділігінің артуына тікелей байланысты», — деп жазады Үкімет басшысы депуттарға берген жауабында.

Оның айтуынша, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарында дамудың жаңа моделі еңбек өнімділігін арттыру шараларын да қамтитыны айтылған. Осы бағытты іске асыру үшін 10 ұлттық жоба әзірленген.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Соның аясында ауыл шаруашалығында еңбек өнімділігі бір адамға шаққанда 6,2 млн теңге болып, экспорт көлемі 6,6 млрд долларға дейін артады. Оның ішінде қайта өңделген өнімнің үлесі 70% болып, 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің айлығы 2 есе өседі. Бұл 1 млн адамның табысының өсуіне мүмкіндік береді», — делінген Премьер-Министрдің жауабында. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан отбасылары табыстарының 50 пайызын азық-түлікке, оның ішінде 46 пайызын тамақ сатып алуға жұмсайтынын жазған едік.

Тілге деген құрмет өзімізден басталады

      Әр азамат өз ана тілін құрметтеуге тиісті. Ана...

От нейросетей до собственного бизнеса: как IT Aiel и Aqyl Tech обучают казахстанцев новым цифровым навыкам

Искусственный интеллект становится не только технологическим трендом, но и...

РУХАНИ-ТӘРБИЕЛІК БАҒЫТТАҒЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

№68 мекемесінде бекітілген жоспарға сәйкес, облысымызға танымал тұлғамен тәрбиелік...

Ерлік пен елдікке тағзым

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №20 мекемесінде сотталғандарға...

Подвиг, ставший примером для поколений

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...