Сотталғандар арасында «Үздік психологиялық газет» сайысы өтті

14.06.2022 жылы ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің психологиялық қамтамасыз ету тобының психолог қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сотталған азаматтар арасында «Үздік психологиялық газеті» топтық сайысы өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты — жазасын өтеуші азаматтарды ұйымшылдықпен берілген тапсырманы орындауға, көздеген мақсатына жету үшін өз ойларын қағаз бетіне сурет арқылы бейнелеп жеткізу.

Сотталғандар арасында алдын-ала жасақтар бойынша біріккен түсіндірме және үгіт жұмыстары жүргізіліп, сотталғандардың назарына алдын-ала байқауды өткізу ережесі мен шарттары жеткізілді. Байқауға мекеме бойынша барлық жасақ сотталғандары қатысты. «Үздік психологиялық газеті» топтық сайысына сотталған азаматтар белсене қатысып, өздеріне берілген тапсырманы жақсы деңгейде орындап, өз ойлары мен ішкі сезімдерін толық жеткізе алды.

Сайысқа қатысушылардың өнеріне Қызылорда облысы «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының психологы А.Аяғанова, сотталғандар арасында әлеуметтік психолгиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бөлімінің бастығы әділет майоры А.Өскенбаев, мекеменің мемлекеттік тілде аудармашысы А.Бакирова қазылық жасады.

Сайыс қорытындысымен І орынды — 8 жасақтағы жазасын өтеуші А есімді соталған, ІІ орынды — 5 жасақтағы С есімді сотталған, ал ІІІ орынды Б есімді сотталған жеңіп алып мекеме бастығының грамотасымен марапатталды.
Сайыс соңында Қызылорда обылысы «Ақниет ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының психологы А.Аяғанова белсене қатысқан топтарға алғыс білдіріп алдағы уақытта осындай шараларға белсене қатысуға шақырды.

Аға инспектор психологы
әділет капита А.Жүсіпбеков

№20 мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған Ашық есік күні өткізілді

№20 мекемесінде сотталғандардың туған-туыстарымен әлеуметтік пайдалы байланыстарын нығайтуға, отбасылық...

В учреждении №20 был проведён «День открытых дверей» для родственников осуждённых

В учреждении №20 было проведено мероприятие «День открытых дверей»,...

Абай облысының ең аз қауіпсіз мекемелеріндегі сотталғандар Халықаралық мұражайлар күні Абай атындағы мұражайда болды

Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару...

Осужденные учреждения минимальной безопасности области Абай посетили музей имени Абая в Международный день музеев

В рамках празднования Международного дня музеев сотрудники уголовно-исполнительной системы...