12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ШҚО-да он колония жас қызметкерлері халықаралық стандартқа сай түрмеге экскурсия жасады

Пенитенциарлық жүйеде қызмет атқарып жүрген облыстың жас қызметкерлері өздерінің тәлімгерлерімен бірге Шуақ кентінің Жарма ауданындағы ОВ 156/21 әйелдер түрмесіне экскурсия жасады.

Бұл экскурсия Қазақстан полициясының 30 жылдығы қарсаңында қызметкерлердің тәжірбиелерімен бөлісуі негізінде ұйымдастырылды.

«Бүгінгі экскурсияның басты мақсаты — қызметкерлердің кәсіби тәжірбиелерімен бөлісіп, патриотизмді қалыптастыру, атқарып жүрген жұмыстарына жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Осы әйелдер түрмесі 2002 жылы салынған заманауй мекемелердің бірі. Биыл бұл мекемеге 20 жыл толды. Жас қызметкерлердің алдағы уақытта қызметтегі сынақтардан абыроймен өтіп, қызметтік міндеттерін, қызметтік борышын атқарудың үлгісі болады деп сенеміз», деді Департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі Ғалымжан Балтабаев.

Жас қызметкерлер карантиндік үй-жаймен, асханамен, жасақтармен, тігін және нан-тоқаш өндірістерімен танысты.

Ғалымжан Балтабаев мұндай экскурсиялардың қажет және пайдалы екеніне сенімді, өйткені олар қызметкерлерге патриотизм сезімін дамытуға және ішкі істер органдарында лайықты қызмет атқаруға көмектеседі.

Жарма ауданында орналасқан Шуақ ауылындағы әйелдер колониясы халықаралық стандарттарға сай келетін жалғыз колония екенін атап өткен жөн. Жас қызметкерлер қазақстандық полицияның құрылуы мен қалыптасу тарихын үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Сонымен қатар, атап отсек осы күні ОВ 156/22 мекемесінің ең үздік жасақ бастығына да құрмет көрсетіліп, мекеме бастығының мақтау қағазымен марапаттады.

ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мекемесінде қысқы киім үлгісіне арналған саптық байқау өткізілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемесінде жеке құрамның...

В учреждении ДУИС по области Абай проведён строевой смотр зимней формы одежды

В учреждении уголовно-исполнительной системы по области Абай состоялся строевой...

Текелі қаласының пробация қызметкерлері есептегі азаматқа жеке куәлік алуына көмек көрсетті

Бұл оның қоғамға қайта бейімделу жолындағы маңызды қадамдарының бірі...

Флешмоб «Сердце колледжа»

2 октября в колледже при учреждении №79 в рамках...