Алматы облысында жылдың үздік медицина мамандары марапатталды

Алматы облысында денсаулық сақтау саласына биыл 4,4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Мекемелердің жабдықталуы — 91%. Биыл қосымша 106 бірлік арнайы медициналық құралдар сатып алынатын болады. Бұл туралы бүгін Қонаев қаласында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Салтанатты шарада Алматы облысының медицина қызметкерлері арасында өткізілген «2022 жылдың үздік медициналық қызметкері» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Өз құттықтау сөзінде облыс әкімі Президенттің бастамасымен Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуі, облыстарды бөлу шаралары Жаңа Қазақстанды құрудағы оң бастамалардың бірі екенін атап өтті. Сол сияқты халық саулығын қорғауда, пандемиямен күресте бар білімі мен тәжірибесін арнаған мамандарға алғыс айтты. 

— Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған міндеттеріне сәйкес аурудың алдын алуға, медициналық қызметтің қолжетімді әрі сапалы болуын қамтамасыз етуге бар жағдай жасалып келеді. Ғимараттар жаңартылып, материалдық-техникалық база нығайтылды. Жылдан жылға осы салаға бөлінетін қаржы көлемі де артып келеді. Денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті мамандармен қамтуға да зор көңіл бөлінеді. Облыстың медициналық мекемелеріне соңғы үш жылда 354 дәрігер маман жұмысқа қабылданды. Қажетті құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен толық көлемде қамту мен дәрігерлер біліктілігінің арқасында індеттің беті қайтып, барлық сала қалыпты өмірге оралды. Антына адалдық танытып, күн сайын ерлікке тең іс атқарып жүрген сіздердің әрқайсыларыңыз құрметке лайықсыздар, — деді өз құттықтауында Марат Сұлтанғазиев. 

Мұнан соң Алматы облысының медицина қызметкерлері арасында өткізілген «2022 жылдың үздік медициналық қызметкері» байқауының жеңімпаздары марапатталды. «Стационардың үздік дәрігері» атанған Алматы аймақтық балалар клиникалық ауруханасының дәрігері Рамиль Қарасаев облыс әкімінің қолынан 7 млн. теңгенің сертификатын алды. Сол сияқты Іле орталық аудандық ауруханасының әлеуметтік қызметкері Жұлдыз Кулманова «Үздік әлеуметтік қызметкер», КазЦик ауылының дәрігерлік амбулаториясы «Үздік дәрігерлік амбулатория» аталымдарында жеңімпаз деп танылып, ақшалай сертификаттарға ие болды. Сол сияқты жемісті еңбегі үшін денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты тапсырылды. Денсаулық сақтау министрлігінің де сала мамандарына арналған «Еңбек ардагері» медалі мен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілері берілді. 

Шара соңында облыс өнерпаздарының мерекелік концерті салтанаттың шырайын арттыра түсті. 

 Өз тілшіміз,

Алматы облысы.

Қазақстандық оқушылар BilimClass журналы арқылы мұғалімдерге виртуалды гүл шоқтарын сыйлай алады

BilimClass электрондық журналы 25 мамырға орай ерекше науқан бастады Оқушылар...

Казахстанские школьники смогут дарить виртуальные букеты учителям через журнал BilimClass

Электронный журнал BilimClass запустил трогательную акцию к 25 мая Школьники...

Әскери ант қабылдау рәсімі болды

2026 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі...

Алматылық хирургтар екі кезеңнен тұратын күрделі ота жасап, үлкен псевдокистаны алып тастады

Науқас бұған дейін ұйқы безінің күрделі қабынуымен ауырып, салдарынан...