Келесі айдан бастап Нұр-Сұлтан әуежайы тек түнде ғана жұмыс істейді

Келесі айдан бастап Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары басталады. Осыған байланысты ұшақтар түнде қана қона алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Азаматтық авиация комитеті таратқан мәліметке сәйкес, жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 8 тамыз аралығында күндіз жүргізіледі.

Ал түнде рейстерді қабылдау және ұшыру шаралары атқарылады.

«15 шілде мен 8 тамыз аралығында сағат 11:00-ден бастап 18:00-ге дейін Нұр-Сұлтандағы әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарын жүргізіледі», — делінген ресми хабарламада.

Комитет мамандарының айтуынша, ақпан айында әуе компанияларына тиісті ақпарат берілді. Осыдан кейін ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына қарай рейстердің кестесіне түзету енгізілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік күзет қызметі мен «Бүркіт» әуе компаниясына ақпарат берілді. Осы ұйым мемлекет басшысына қызмет көрсетеді.

Сот үкімінің әділдігі: теориялық және практикалық аспектілер

Сот үкімі – сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі актілерінің...

Алматыда «Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу» жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр

Басқосуда сала ғалымдары жобаның артықшылықтарын ғылыми түрде зерделегендерін алға...

Мемлекеттік тілде сот актілерін әзірлеу сапасы

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және құқықтық...