Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің ЕЦ-166/5 мекемесінің қызметкерлерімен сотталғандардын қолдануына тыйым салынған заттын мекеме аумағына кіруінің алды алынды.
Мекеме қызметкерлерімен мекемеге алып келінген сауқаттарды тексеру барысында сауқаттар ішіне салынған дәрі дәрмектердін бірінің ішінен капсулаға салынған белгізіз бір өсімдік заттары анықталды аталған өсімдік заты тәркіленіп әрі қарай анықтама жұмыстарын жүргізу үшін сараптамаға жіберілді,жүргізілген сараптаманың қортындысы бойынша аталған өсімдік жалпы салмағы 63,757 грамды құрайтын «тетрагидроканнабинол» атты психотроптық зат болып шықты.
Аталған дерект бойынша тыйым салынған затты алып кірмек болған азаматтан түсініктеме алынып, оған қатысты ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінін ЕЦ-166/5 мекемесінің бастығының орынбасары әділет подполковнигі А.Сыздыковтын айтуынша аталған бағытта іс-шаралар өз жалғасын табуда жедел уәкілдік бөлімнің қызметкерлері тыйым салыңған заттарды мекеме аумағына кірмеуін үнемі бақылап отырады және алдын алу жолдары бойынша кен көлемде іс-шаралар ұйымдастырулуда.