Көп балалы отбасына көмек көрсету

СҚО Жамбыл ауданының пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері «Балалар жылында» СҚО Жамбыл ауданы Пресновка ауылында тұратын көп балалы отбасына азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетті.

Әйел жұбайымен бірге кәмелетке толмаған бес баланы тәрбиелеп отыр, жұбайы ауыл тұрғындарынан қосымша табыс табады, жұбайының жалақысы көбісі азық-түлік сатып алуға және коммуналдық шығындарға кетеді, әйелдің өзі қазіргі уақытта еш жерде жұмыс істемейді, үнемі бала күтімі бойынша үйде болады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасы пробация қызметінің қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Көп балалы отбасыларға көмек көрсету акциясы бірінші рет өткізіліп отырған жоқ және тұрақты негізде өткізілетін болады.

СҚО бойынша ҚАЖД Жамбыл ауданының ПҚБ бастығы
әділет майоры
Сұлтан Абзалимов

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...