Жаңаөзен тұрғындары әкімдік алдында митингке шықты

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің алдына қарапайым тұрғындар мен «БатысГеофизСервис» ЖШС-нің бұрынғы жұмысшылары ереуілге шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қала тұрғындарының айтуынша, халық жұмыссыздықтан зардап шегеді. Олардың айтуынша, жергілікті билік биыл қаңтар айынан бері қол қусырып отыр. Бұған дейін ереуілге шыққан «БатысГеофизСервис» ЖШС қызметкерлері жұмыстан шығарылды. Шарасыздықтан олар отбасыларымен ереуілге шықты, құр алақан қалған.

Lada.kz басылымы мәліметінше, ереуілшілерге әкімшілік пен полиция өкілдері шыққан. Билік өкілдері аумақты босатуды талап етті. Шенеуніктер мәселені шешіп беруге қатысты ештеңе айтпаған.

“Оның қанша уақытқа созылатынын білмейміз. Біздің мәселемізді шешкенше соңына дейін  тұрамыз” –  дейді ереуілшілер.

Жергілікті әкімдік оқиға қатысты кейінірек түсіндірме беретінін хабарлаған.

Семья, школа и общество

ВО ВСЕХ ШКОЛАХ КАЗАХСТАНА ДО КОНЦА СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА...

Оценка – не только цифра

С 23 ПО 30 СЕНТЯБРЯ В ШКОЛАХ ПРОХОДИТ ПЕРВЫЙ...

Афера с призами

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ СОВРЕМЕННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ И СОЦСЕТЕЙ ЧРЕВАТО ПРОБЛЕМАМИ. ОБ ЭТОМ...

Новый AI-центр

В НОВОМ ЦИФРОВОМ ЦЕНТРЕ, КОТОРЫЙ НАЧАЛ РАБОТУ В ШЫМКЕНТЕ,...

В погоне за легким заработком

АГЕНТСТВО ПО ФИНАНСОВОМУ МОНИТОРИНГУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН СООБЩИЛО О ПРЕСЕЧЕНИИ...