ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері 30 түп ағаш отырғызды

«Балаларға ерекше назар аудару керек. Олардың әл – ауқаты-мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлерімен жүзеге асырылып жатқан көгалдандыру жұмыстарының маңыздылығын сезіне отырып, ағаш отырғызу акциясына қатысты. Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеуге орай 30 қылқан жапырақты ағаш отырғызу туралы шешім қабылданды. Қызметкерлер мекеменің іргелес аумағына жиырма ағаш отырғызды, ал он көшет «Балалар үйінің» ауласына отырғызылды, осылайша ата-аналық жылудан айырылған балаларға жылу мен қамқорлық көрсетілді.

Мекеме қызметкерлері жаңа көшеттерден басқа, бұрын отырғызылған ағаштарды суарды. Бұған дейін балалар үйінің аумағында қызметкерлердің күшімен аумақты жинау, ағаштарды ақтау, шөпті жинау, күркелерді сырлау бойынша сенбілік өткізілді. Балалар үйінің әкімшілігі СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің басшылығы мен жеке құрамына алғыс хат жолдап, алғыстарын білдірді.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...