12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тілге құрмет – елге құрмет

Әрбір халықтың халық ретінде қалыптасуында оның тілі маңызды рөл атқарады. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне елдің Ата Заңы – Конституциямен ие болды. Сондықтан, тәуелсіз елімізде тіл туралы мәселе, тіпті де болмауы керек еді. Өкінішке қарай, бұл тақырып 30 жылдан бері өзектілігін жоймауда.
Қазақстандағы барлық тілдің қызмет етуінің құқықтық негіздері, мемлекеттің оларды зерделеу мен дамытуға жағдай туғызудағы міндеттері Тіл туралы заңмен белгіленген. Соған орай, елімізде мемлекеттік тілді дамыту бойынша заңнамалық және құқықтық база қалыптасты, бұл тұрғыда мемлекеттік бағдарламалар, концепциялар, ведомстволық жоспарлар жүзеге асырылуда. Алайда, күтілген нәтижеге қол жеткізе алмай келеміз.
Ел соттарында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейту бағытында барлық құжат қазақ тілінде рәсімделіп, тіл заңдылықтары қатаң сақталады. Сот актілерінің сапасына айрықша көңіл бөлінген. Сот өндірісіндегі кіріс-шығыс хат-хабарлар мемлекеттік тілде жолданады.  Мемлекеттік тілде іс жүргізуді жандандыру мақсатында Жоғарғы Сот төрағасының бастамасымен сот процестерін қазақ тіліне біртіндеп көшіру шаралары жүзеге асырылып жатыр. Мемлекеттік тілді білмеу жоғары қызметке өсуде кедергі болатыны ашық түрде айтылуда. Мұндай игі істер өз кезегінде сот билігінің беделін нығайтары анық.
Ал, сот өндірісінде қазақ тілінде қаралатын істердің аздығы соттарға емес, сотқа келіп түсетін талап арыздар мен өзге де құжаттарға тікелей байланысты орын алуда. Мысалы, заң талабына сай, қазақ тілі – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін және іс қағаздарын жүргізу тілі болғанымен, онымен қатар өзге тілдер де қолданылады. Бірақ, басқа тілдің қажет болған жағдайда ғана қолданылатыны ескеріліп, қай салада болмасын іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу нормасы жоғары тұруы тиіс. Ел заңдарының қазақ тілінде жазылып, дайындалмауы біздің мемлекеттігімізге сын.
Қазақ тілі – тек қазақтың ғана тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің ортақ әрі Конституциямен бекітілген мемлекеттік тілі. Осы себепті, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді білмеуі ұлтқа төнген қауіп ретінде қабылдануы керек. Сонда ғана қазақ тілінің мәртебесі артып, оның мемлекеттік тіл ретінде өз биігіне шығуына жол ашылады.
Президент жолдауында айтылғандай, «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді». Бұл үшін Қазақстандағы әрбір адам ең алдымен өзінің мемлекеттік тілге деген көзқарасы мен отбасындағы тіл саясатын түзеуі шарт. Өйткені, қазақ тілінің тағдыры әрбір қазақстандықтың отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметіне тәуелді екенін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Алаш ардақтысы Халел Досмұхамедұлының «Өз тілін білмей тұрып, жат тілге еліктей беру – зор қате» деген пікірін бағдар етсек, мемлекеттік тіл сөзсіз өз тұғырына қонады.

Гаухар Касымбаева,
Медеу аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...