Назгүл Сағындықова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

Назгүл Сағындықова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ҚР Үкіметінің қаулысымен Назгүл Ерікқызы Сағындықова Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Назгүл Сағындықова 1978 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының жетекші маманының міндетін атқарушы болып бастаған. 2001-2005 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеген. 2005-2018 жылдары «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басшылық қызметтерін атқарған. 2018-2020 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі инспекторының міндетін атқарушы, инспекторы — әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болған.

2020 жылғы қарашадан бастап ҚР Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі секторының меңгерушісі — Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының меңгерушісі болған.

Еске салайық, бұған дейін Руслан Сәкеев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ МОДЕЛІ: ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ МЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МИССИЯСЫ

Қазақстан Республикасы  Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Малахов Дмитрий Михайлович Әділетті сот –...

Еңбек кодексі заман сұранысына сай келеді 

Елімізде еңбек қатынастарын жан-жақты әрі толық реттеген ҚР Еңбек...

Оңайлатылған әкімшілік рәсім

         2021 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік...

Тұрғын үй даулары санатындағы әкімшілік істерді қарау ерекшелігі

Тұрғын үйге қатысты даулардың жария құқықтық қатынастардан туындайтын даулар...