Алматы облысының жаңа әкімі Сұлтанғазиевтың ағасы қызметінен кетті

Алматы облысының жаңа әкімі Марат Сұлтанғазиевтың ағасы қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев өз еркімен қызметінен босатылды. Ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі растады.

«Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып тағайындалуына байланысты, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев өз еркімен Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен босатылды», — деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Қуат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметін бірнеше ай ғана атқарып үлгерді. Ол бұл қызметке биыл ақпанда тағайындалған болатын.

Қуат пен Марат Сұлтанғазиев ағайынды. Бүгін ел Президентінің Жарлығымен Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі қызметіне кірісті.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...