Алматыдан Алакөлге жету оңай болады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тальго вагондарынан жасақталған Алматы-2 — Достық қатынасындағы екі жолаушылар пойызын іске қосты. Пойыз Алакөл көлі бағытында қатынайтын болады, — деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Пойыздың қатынау жиілігі № 211/212:

Алматы-2 станциясынан 2022 жылғы 16 маусымнан 30 тамызға дейін құрам жұп күндері жөнелтілетін болады. Достық станциясынан Алматыға пойыз 2022 жылғы 17 маусымнан 31 тамызға дейін тақ күндері жүреді.
Пойыздың қатынау жиілігі — № 453/454:

Алматы-2 станциясынан 2022 жылғы 16 маусымнан 30 тамызға дейін — сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері жөнелтілетін болады. Алматыдағы Достық станциясынан құрам 2022 жылдың 17 маусымы мен 31 тамызы аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жүреді.

Жалпы биыл Алакөл көлі бағытында 11 пойыз (9 — «Жолаушылар тасымалы» АҚ, 2 — жеке тасымалдаушылар) қатынайды, соның ішінде:

Нұр-Сұлтаннан 3 пойыз;
Алматыдан 5 пойыз;
Шығыс Қазақстан облысынан 1 пойыз;
Абай облысынан 1 пойыз;
Қала маңындағы 1 пойыз.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...