Тергеу изоляторында темекі ішіне кептірілген марихуаннна алып өтпекші болған

Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 тергеу мекемесінде қамауда жатқандарға туысқандары мен жақындары күнделікті сәлемдеме әкеліп тұрады.

Сондықтан мекеменің №1 бақылап өткізу бекетінде келушілер үшін тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасағандарға қолданылатын жаза жайлы жазбаша ескертпелер көрнекі жерге ілінген.

Соған қарамастан сотталғандар мен тергеу қамауындағыларға тыйым салынған заттарды жасырын түрде өткізуге тырысатындар көптеп кездеседі. Яғни, заңға қайшы әрекет жасап, оларға ұялы телефондар, коньяк және кептірілген марихуаннаны әртүрлі тағамдар мен заттардың ортасына салып әкеледі..

Мысалы, 08.06.2022жылы сағат 12:25- те жедел бөлімінің жүргізілген жұмысы нәтижесінде, мекеменің сәлемдемелерді қабылдау бөлмесінде тағы да бір тыйым салынған зат анықталынды. Оқиға орнына дереу Қызылорда облыстық ҚПБ — ның жедел тергеу тобы шақыртылды. Арнайы топ сәлемдемелерді тексеру барысында әкелген «VEST» темекісінің 200 данасын жеке-жеке пышақпен кесіп, қарап шықты. Нәтижесінде 4 дана темекіден түсі жасыл, өзіне тән ерекше иісі бар, шөп тәрізді зат анықталды.

Сараптама қорытындысымен 2,76 гр «кептірілген марихуаннна» екені дәлелденді.Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының ҚК-нің 297 бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...