Хромтау тұрғыны алаяққа сеніп, 10 миллион теңгесінен айырылып қалды

Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғыны алаяққа алданып барлық жинаған ақшасынан айырылып қалған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Диапазон» басылымы.

Басылымның мәліметінше, Хромтаудың 53 жастағы тұрғынына телефон арқылы бейтаныс адам хабарласып, өзін екінші  деңгейдегі банктің қызметкері ретінде таныстырған. Сенімге кірген қаскүнем алаяқтан өз аккаунттарын қорғауды ұсынып, SMS хабарламадан кодты айтуды ұсынады. Кодты алған алаяқ әйелдің үш банк шотындағы барлық жинаған ақшасын өз картасына аударған.

Осылайша Хромтау қаласының тұрғыны 10 миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

«Бәрі бекер!»: Боқаев гранит тақталарды сәтсіз түсірген орындаушыларды балағаттады

Кезекті сот отырысының іс материалдарын зерттеу барысында Боқаевтың мобилографы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық - қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін, мемлекеттік...

Судья әдебі — сот беделінің негізі

Судья әдебі - сот билігінің беделін айқындайтын маңызды өлшемдердің...