Алматыда катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда полицейлер катализатор ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Бұл туралы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Топ 1998, 1999 және 2000 жылы туған жастардан тұрған. Күдіктілер соңғы рет 5 маусымда Алматының Медеу ауданында ұрлық жасаған.

Күдіктілер тұрғын үй ауласындағы «Тойота Прадо» автокөлігінен катализаторы бар глушительді толығымен шешіп алып, сол арқылы 500 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. 5 маусым күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды.

Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қаланың Түрксіб, Бостандық, Әуезов аудандарында осыған ұқсас 9 қылмыс жасауға қатысы бар екеніндігі дәлелденді.

Сот үкімінің әділдігі: теориялық және практикалық аспектілер

Сот үкімі – сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі актілерінің...

Алматыда «Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу» жобасына қатысты қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр

Басқосуда сала ғалымдары жобаның артықшылықтарын ғылыми түрде зерделегендерін алға...

Мемлекеттік тілде сот актілерін әзірлеу сапасы

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және құқықтық...