Президент трансұлттық компания басшыларымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев трансұлттық компания басшыларымен кездесті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің XXXIV отырысының қарсаңында Мемлекет басшысы Chevron корпорациясының атқарушы вице-президенті Джеймс Джонсонмен, Exxon Mobil корпорациясының аға вице-президенті Нил Чапманмен, сондай-ақ, Қазақстанның Канададағы құрметті консулдары — канадалық Cameco уран компаниясының президенті Тимоти Гитцельмен және Condor Petroleum компаниясының президенті Дон Стрюмен кездесті.

Джеймс Джонсонмен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа корпорацияның елімізде атқарып жатқан жұмыстарының қазіргі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Соның ішінде Теңіз кен орнын болашақта кеңейту жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын тезірек аяқтау мәселесі сөз болды.

Сонымен қатар, Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын арттыру мәселесі, Қазақстанда отандық өнімдерді қолдауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған Chevron корпорациясының тікелей инвестиция салатын қорының қызметі талқыланды.

Нил Чапман Мемлекет басшысына Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеу зауыты құрылысының барысы, Теңіз кен орнынан экспортталатын газ көлемін ішкі нарыққа қайта тасымалдау және балама бағыттар арқылы Қазақстан мұнайын жеткізу мүмкіндіктері жөнінде айтты. 

Тимоти Гитцельмен және Дон Стрюмен әңгімелесу кезінде Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы сөз болды. Cameco компаниясының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі уран компаниясының жұмысы мен алдағы жоспары жөнінде мәлімет берді. Condor Petroleum компаниясының президенті сұйытылған табиғи газ өндіретін модульді зауыттар салу жоспары жөнінде мәлімет берді. Сонымен қатар, «Қазақстан — Канада» іскерлік кеңесінің жұмысы аясында Қазақстан мен Канада арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларына назар аударылды. 

Алименты – законное право ребенка

Вопрос о взыскании алиментов (алиментных отношений членов семьи (алиментных...

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі ұлттық құрамаларды спорт...

Кассациялық соттың құрылуы

Кассациялық сатыдағы сот шешімдерінің заң тәжірибесі мен сот практикасын...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әділ қоғам кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, азаматтардың мемлекетке...