spot_img
spot_img

«Гендерлік теңдік-демократиялық түрлендіруге септігі бар»

Адамның аса маңызды құқықтарының бірі гендерлік теңдік қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету мен адами әлеуетті толыққанды іске асыру ісінде түйінді рөл атқарады. Гендерлік зорлық-зомбылықты оның барлық көріністерінде жою, әйелдер мен қыздардың, ерлер мен ер балалардың білімге, денсаулық сақтауға, экономикалық ресурстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету және саяси өмірге қатысу үшін тең мүмкіндіктер жасау өте маңызды. Әйелдерді қоғам өміріне тарту өнімділікті арттырып, экономикалық өсуді қамтамасыз ететіні дәлелденді.

Гендерлік теңдік дегенде адамдардың түсінігі әртүрлі. Гендер мәселесіне жан-жақты қарау қажет. Көбі гендерлік теңдік әйелден еркек жасау деп түсінеді.  Гендерлік теңдік дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу боп табылады.

Гендер ұғымын тек қана әйел теңдігін қорғайтын бағыт немесе оның құқықтарын асыра пайдалануды көздеуге бетбұрыс деп қана түсінуге болмайды. Гендер — тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, ал кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс. Әрине, әйел, ең бастысы — ана. Бірақ соған қарамастан нәзікжанды әйел қоғам көшін алға сүйреуге белсенділік танытуда.                                       

Әйелдер елімізде болып жатқан барлық қоғамдық-саяси өзгерістерге, халықаралық-дипломатиялық жұмыстарға, қоғамның бүкіл тыныс-тіршілігіне белсене араласып отыр. Олар бар күш-жігерлерін аямай ерлермен бірге өз мемлекеті ‑ болашаққа қадам басқан, азат та жарқын  Қазақстан үшін аянбай еңбек етуде.

Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік негізгі принциптері ерлер мен әйелдер үшін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен кепілдендірілген тең құқықты және бостандықты орнатады. Гендерлік теңдік саясатының алға жылжуы үшін әйелдерге саяси, экономикалық және қоғамдық өмірге араласу қажет. Демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекетті бекітуде Қазақстан әйелдерінің рөлі ерекше. Қазақстанда демографиялық өсімді қамтамасыз етуде әйелдердің үлесіне баға жетпейді, себебі, балалардың туылуы, олардың тәрбиесі нәзік әйелдердің мойнында. Сонымен қатар, олар өмірлік маңызды салаларда еңбек етеді, мемлекеттік басқару жүйесінің көп бөлігі солардың еншісінде. Әйел отбасы құндылықтарының мүддесін қорғайды. Күнделікті және байқалмайтын отбасы туралы қамқорлық, өз жанұясы үшін жан жайлылығын жасау, амандық ‑ бұлардың барлығы әр бір әйел үшін абзал.

Толентаев Асхад Байтанагалиевич

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының маманы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...