12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандардың санасына серпін берген тренингтер

ЗК-169/1 тергеу изоляторы психологтарының басты мақсаты — сотталғандардың жан саулығының негізін қамтамасыз ету. Өйткені әртүрлі қылмыс жасап мұнда келіп түскендер алғашқыда құбылмалы психологиялық көңіл — күйге жиі түседі. Олардың бойында өзін-өзі сенімділікті орнықтырып, болашаққа үмітпен қарауға, әр нәрседен ізгілік күтуге баулу мақсатында мекеме психологтары жан-жақты жұмыс жасап келеді.

Сотталғанардың жан дүниесіне жол салу олардың санасын жаңғыртудан басталады. Ол үшін біз түрлі тестер, психодиагностикалық әдістемелер, семинар, сабақтар кеңестер, тұлғалық қасиеттерін дамыту тренингтері психокоррекцияларды көптеп жүргізіп отырамыз. Сондай іс-шаралардың бірі ретінде, қаламыздағы № 6 қалалық емхананың психологтары А.Ерболатова, Г.Жұмахметовамен бірлесе отырып, сотталған азаматтарға тренинг өткіздік.

Тренингтің негізгі мақсаты – жаза мерзімін өтеуші азаматтардың ақыл-ойын, санасын жандандандыру, саналарын түбірімен өзгертуге тырысу, ішкі жан дүниесінің дау жанжалды, күйзеліс жағдайын еңсеру, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған- дейді мекеме психологы Айбек Орынбаев.

Өткізілген тренинг барысында емхана психологтары алдымен мекемедегі экстремизм және тероризм баптары бойынша сотталған азаматтарына « Қолтырауын» әдісі бойынша ақ параққа өздеріне ұнайтын жағымды және ұнамайтын жағымсыз жақтарын жазғызды. Жазып болған соң, жағымды жақтарын дауыстап оқып, жағымсыз мінез құлықтары жазылған парақты жыртып тастатқызды.

Бұл тренингтің мақсаты: адамның өз- өзіне баға беруі, өз-өзіне сыни көзбен қарап, бойындағы ұнамайтын мінез-құлық іс-әрекеттерінен арылу болып табылады.

Ал, «Тазару» деп аталатын реалаксацияда психологтар сотталғандарға жанға жайлы әуенді қойып қойып: Көздеріңізді жұмып, еркін тыныс алыңыздар. Өздеріңізді жас баланың кейіпінде елестетіңіз. Жақындап көзіне терең үңіліңіз. Көздің тереңдігіндегі мұңды көруге тырысыңыз, өйткені бұл сізге деген махаббат мұңы.

Әлгі кішкентай баланы өзіңізге жақын тартып, кеудеңізге қысыңыз. Сондай жақсы көретініңізді айтыңыз. Оның ақылына бас иетініңізді, қателіктер жіберсе де, жөндей білетін жан екеніңізді айтыңыз.

Шындығында, бәрі де қателеседі. Қандайда бір көмек керек болса, қасынан табылатыныңызды айтыңыз. Енді осы баланы кішірейтіңіз, бұршақтай болып кішірейгенде қолыңызға алыңыз да, жүрегіңізге басыңыз, онда бүкіл әлемді тазартатын махаббат бар. Денеңізге жылу тарап, мамыражай рахатты сезініңіз. Өміріңіздің басқа жақсы арнаға бұрылғаны деп біліңіз.- деп, қамаудағы азаматтардың санасына тікелей әсер етіп,серпін сыйлады.

Келесі тренингті мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтарымен өткізді. «Құбыр» деп аталатын тренингтің
мақсаты: Ұжымдаса жұмыс жасау барысында айланысдағылармен жақсы қарым- қатынас орнатуға және өзгелердің қызығушылығымен санасуға үйрету болып табылады. Яғни, тренинг қорытындысы бойынша олар өзгелердің қызығушылығымен санаса отырып, нәтижелі іс атқарды.

Нақтырақ айтар болсақ, ақ парақтар құрастырған құбыры арқылы кішкентай шарикті жүргізіп өткізді. Маған бүгінгі тренинг қатты ұнады. Әсіресе, «Тазару» релаксациясынан кейін, балалық шағымы еске түсіріп, көңлім көтеріліп, серпіліп қалдым — дейді, ҚР ҚК-нің 99- бабының 1-бөлігімен сотталған азамат.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...